📢 Назар аударыңыздар!
Alikhan Bokeikhan University педагогика және психология кафедрасының жанынан ашылған тілдік дамуына тежелуі бар балалармен жұмыс жасауға арналған Психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс істейді.
🗣 Кабинет мектеп жасына дейінгі (4-7 жас) тілдік дамуында тежелісі бар балаларға дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға диагностикалық және коррекциялық тұрғыдан білікті көмек беруге арналған. Оның ішінде:
- сөйлеуі фонетикалық тұрғыдан дамымаған,
- жай және күрделі дислалиялы фонетикалық-фонематикалық тежелуі бар,
- дизартрияның қажалған формасындағы ауытқулары бар балаларға;
сондай-ақ тілдік дамуында тежелісі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және бейімдеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық-әдістемелік көмек беру.
🎧 Кабинет соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған, түзету, дамыту компоненттерінен құралған оқыту ортасы жасақталған, білім беру процесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамсыздандыру жүйесі жолға қойылған.
📌 Кабинеттің негізгі мақсаты – балалардың тиімді дамуына қажетті психологиялық-педагогикалық қызметтер көрсету, оның ішінде:
- сөйлеудегі ауытқуларды ерте жастан анықтау және түзеу;
- тілдік даму деңгейі мен динамикасын зерттеу;
- бүлдіршіндерге сөйлеу нормаларын толық игерту: туған тілінің барлық дыбыстарын жас ерекшелігіне сәйкес, толыққанды қолдануына қол жеткізу,
- дыбыстарды артикуляциялық және акустикалық белгілеріне қарай ажырата білуін, көп буынды сөздерді өз бетімен құрап айтуын қамтамасыз ету;
- балаларды ересектермен және өз құрдастарымен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету, баланы дұрыс әлеуметтенуіне жол ашу: барлық сөз таптарын қолдануды меңгерту, өз ойын еркін әрі түсінікті етіп жеткізуге, түрлі құрылымдық бірліктерді пайдалануға үйрету.
👩 Бүлдіршіндер мен ата аналарды қабылдау және коррекциялық жұмыстарды жүргізу ісін педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, психолог әрі логопед маман, «Мектепалды балаларының тілін дамыту», «Медициналық психология», «Коррекциялық психология», «Ауытқушылық әрекет - қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы» және т.б. оқу құралдарының авторы Абдуллина Гульнара Қабдышейітқызы бастаған мамандар жүргізеді.
Консультациялық-әдістемелік көмек көрсету алдын ала жазылу негізінде жүргізіледі. Байланыс телефоны:
+7 775 703 7594 (Назкен Қайратқызы)
Кабинет мекенжайы:
Семей қаласы, Шмидт к-сі, 44, 3-каб.